Қала мен Сала

Үшінші ЖЭО іске қосылады

2023 жылдың соңына дейін Астанадағы негізгі ұзақ мерзімді құрылыс нысанының бірі – №3 жылу-электр орталығы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«2023 жылдың соңына дейін бірінші кезекте №3 ЖЭО пайдалануға берілсе, Алматыда №2, 3 ЖЭО-ны газға көшіру жұмысы жүргізіледі. Онда «Самұрық-Энерго» АҚ құрама циклді зауыттар салуда, қуаттылық артады, бірақ экологиялық мәселелер де шешіледі» деді Ә.Смайылов.

Жалпы елордадағы №3 ЖЭО-ның құрылысын тездетіп аяқтау маңызды. Өйткені Астанада тұрғын үй құрылысы жылдан-жылға артып, әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Оның үстіне, елдің саяси орталығында қыс алты айға созылатынын ескерсек, онда жылыту орталығының маңызын түсінуге болады

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button