Үстел теннисінен Азия біріншілігі өтуде
Астанада 6-13 қазан аралығында ел тарихында тұңғыш рет үстел теннисінен құрлықтық біріншілік өтіп жатыр, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Онда 26 елден 210 мықты спортшы Азия аренасында үздік атақты сарапқа салуда.
Көрермендер үшін бұл Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздарының ойынын көзбе-көз көруге болатын мүмкіндік, олар чеспиондық атақ үшін күресте тартысты сайыстар өткізеді.
Жарыс кеше ерлер мен әйелдер арасындағы командалық турнирлердің топтық кезеңдерінен басталды. Бүгін жартылай финалдық кездесулер өтеді, ал командалық разрядтардың финалы 9 және 10 қазанда өтеді. 11 қазаннан бастап жекелей және жұптық жарыстар басталып, 13 қазанда шешуші тартыстармен аяқталады.
Турнирдің ашылу салтанатында әнші Мирас Жүгінісовтің орындауындағы ерекше шоу, жарық эффектілері және аспаптық ансамбльдің концерті қойылды.
Матчтар күн сайын сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін «Beeline ARENA» Ұлттық теннис орталығында (Тұран даңғылы, 4/2) өтеді.
Кіру тегін.