Тамыз айының алғашқы жексенбісі еліміздегі көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Атаулы күн Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді және ресми мәртебеге ие.
Кәсіби мереке қарсаңында ведомство басшысы Марат Қарабаев Қазақстанның көлік саласының өкілдерін құттықтап, еңбегі еленген қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
Ардақты ардагерлер қауымына да құрмет көрсетілді.
“Көлік кешені – ұлттық экономиканың маңызды элементі. Бүгінде осы салада 670 мыңға жуық адам еңбек етуде. Сондай-ақ, қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде 60 мыңға жуық студент білім алуда. Сала өкілдерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңартылуда, тасымалдау көлемі өсіп, мультимодальды тасымалдар іске асырылуда. Ерен еңбегіңіз бен ақ адал қызметіңіз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, жас ұрпаққа тәжірибе беретін сала ардагерлеріне құрметімді білдіремін”, – деді Көлік министрі Марат Қарабаев.