Басты ақпаратМәдениет
Үздік театр атанды
Ақтау қаласында өткен Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған ІІІ халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестиваліне «Қарагөз» спектаклімен қатысқан Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры «Үздік театр» аталымында топ жарды.
Биылғы фестивальге Қазақстанның бес театрынан бөлек әлемнің түкпір-түкпірінен келген Иран, Татарстан, Қырғызстан, Грузия және Монғолияның театрлары қатысты. Соның ішінде қаллекиліктер ұсынған заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» қойылымы театр сарапшыларының жоғары бағасын алды. Бұл спектакльдің қоюшы режиссері – Гүлсина Мирғалиева, қоюшы-суретшісі – Қанат Мақсұтов, киім суретшісі – Мәдина Қосмағамбетова, музыкамен көркемдеген – Олжас Дәлелхан.