ЖаңалықтарҚоғамРуханият

Үйде отырып қазына ақтарасың

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік архиві азаматтарға ыңғайлы болу үшін сайтына аса құнды құжаттар тізімдемесінің цифрланған бейнесін орналастырды. Кез келген адам үйден шықпай-ақ, архивтік материалдар  және құжаттармен таныса алады.

[smartslider3 slider=729]

Жалпы архив алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – архив материалдарын цифрландыру. Қала әкімдігі мен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен электрондық архив құру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жоғары жылдамдықта 1600 dpi дейінгі ажыратымдылығы бар цифрлық көшірмелерді жасауға мүмкіндік беретін заманауи сканерлеу жабдығы пайдаланылады. Негізгі архив қоймасының базасында қуаттарды одан әрі ұлғайту мүмкіндігімен сақтау көлемі 210 терабайт деректерді өңдеу орталығы құрылды.

Бүгінгі таңда архив 25 қорды, 3 510 092 парақты, 44 918 сақтау бірлігін цифрландырды. Істердің өзектілігі мен басымдығына қарай дербес цифрлау кестесі әзірленді. Біріншіден, сұраулар үнемі келіп тұратын істер цифрландыруға жатады. Екіншіден, тарихи құндылығы бар барлық аса құнды құжаттар цифрландырылған. Бұл жұмыс жоғалуы мүмкін құжаттарды айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Үшіншіден, қазір архив жеке және заңды тұлғалардың сұраулары келіп түскен кезде істерді цифрлайды.

Бұл жұмыстың нәтижесінде «электронды оқу залы» құрылды. Енді архив материалдарымен жұмыс істегісі келетіндердің барлығы құжаттардың электрондық көшірмелерін ғана пайдаланады. Түпнұсқалар олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ешкімге берілмейді.

Осы жылы қаланың ірі кәсіп­орындарының бірі қалалық архив­пен дәстүрлі және электрондық архив құру туралы шарт жасасты. Осылайша елорданың архиві республикада алғашқылардың бірі болып заңды тұлғаның архивін құрудың «тұйық циклын» жүзеге асырды. Архив ақпараттық қауіпсіздік немесе киберқауіпсіздік саясатын жасады. Мысалы, құжаттардың барлық цифрланған бейнелері негізгі серверде сақтаумен қатар резервтік көшірудің дербес жүйесімен құрылған дискілерде сақталады. Яғни, деректер базасы жойылған жағдайда, барлық ақпаратты қысқа мерзімде қалпына келтіруге болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button