ӘлеуметБасты ақпаратҚала тіршілігі

ҮЙДЕГI ОЙДЫ БАЗАРДЫҢ НАРҚЫ БҰЗБАСА…

Астанада қалай баспана алуға болады? Қаланың жылжымайтын мүлiк нарығында не жаңалық? Қаладағы құрылыс компаниялары-ның қандай  ұсыныстары бар? Елорданың төрiнен пәтер алу үшiн ненi  бiлiп, неден бастау керек? Осы сұрақтардың төңiрегiнде ой бөлiссек…
Соңғы кездерi құлағымызға сiңiстi болған «эконом», «биз­нес», «элит класс» санатын­дағы жаңа салынған тұрғын үй кешен­де­рiндегi пәтерлердi тiкелей салушы құрылыс ком­па­ниялары сатады. Эконом мен бизнес кластың ара­сында айтарлықтай  айырма­шы­лық болмаса да, осылайша екi бөлу өздерiне қолайлы сияқты.  Мұн­­дай сөз тiркестерi қонақ үй, қыз­мет түрле­рiнде,  жолау­шылап шық­қанда алдымыздан шығады. Түпкi  ойы  да  түсi­нiктi. «Көрпеңе қа­рай  – көсiл» дегендi меңзеп тұр. Салыс­ты­рып көрсеңiз, аса жаман ұсыныс емес. Тиiмдi жағы да бар.  Бұдан 30-40 жыл  бұрын салынған   үйге ұрын­ғанша,  неге жаңа  салынған үй­ден  пә­тер алмасқа? Бағасында да аса ал­шақтық жоқ. Есесiне жаңа­ның аты – жаңа. Бар болғаны құры­­лыс ком­паниясымен шарт жасасып, қала­ған қабат­тан алған шар­шы­ңыз­дың  ақ­шасын төлейсiз. Бiрақ, мұн­дай пәтер­лердiң қазақша айтқанда «әлi ауы мен бауы бар», яғни әрлеу жұмыстары бiтпеген. Оны қалауын­ша жасап ал­сын деп, үй иесiнiң өзi­не қал­дыр­ған. Бұл – «черновая отделка». Оның бiршама тәуiрлеу түрi бар. Яғни, еден жабылмаса да тегiстелiп, бетон­дал­ған. Бөл­ме­лер­дiң қабырғалары әрле­нiп, бөлме­аралық есiгi болмаса да, сыртқа  те­мiр есiк қойып, терезесi са­лынып, балконы бү­тiн­делген. Электр,  теле­фон, тағы басқа же­лiлерi үйге енгi­зiлген. Бiрақ, пәтерде қонды­рыл­маған. Қосымша күш пен қара­жат салып, қал­ған iстi өзiңiз аяқ­тай­сыз. Сантех­никамен де жарақтау өзi­ңiздiң еркiңiзде. Бұған қарап ойлап қал­маңыз, арзан нәрсе  жоқ. Мұн­дай үйлердiң денi бiр-екi пәтерлi болып келедi.  Бiр бөлмелiк пәтер­лер 34 шаршы метрден басталып, 46 шаршы метрге дейiн жетедi. Қаладағы белдi құрылыс компа­ниясы мұндай үйдiң  шаршы  метрiн – 1150-1230 АҚШ долла­рымен бағамдап отыр. Сонда бiр бөлмелi пәтер шамамен 40 мың дол­лардан басталады. Қа­баты биiктеген сайын пәтердiң ба­ғасы өседi. Егер, әр шаршы метрiне 100 долларды үстеме­леп қоссаңыз онда таңдаған пәте­рiңiздiң еденiне ла­минат төсеп,  қа­быр­ғасын бояп, бөл­ме аралық есiк­терi орна­тылған және сым торабы тар­тылып, сантехникасы қойылған пә­тердi ұсы­нады. «Эконом класс» деп қо­раш­танатын түгi жоқ, алайда  мұн­дай санаттағы үй­лер қаладан жы­рақтау жерге салынады. Арман­даған пәтер­лердi алу үшiн алғашқы 50 пайы­зын қазiр төлейсiз. Кесiм­дi мер­зiмде қалған сомасын жабуға болады. Берiледi деген мерзiмнен сәл ке­шiктiрiп бе­рiлуi қалыптасқан жайт бол­са да, қабырғалары көте­рiлiп, төбесi жабылған үйден бұйыр­ған пәтердiң кiлтiн бiр ала­ры­ңыз анық. Бұл – кiрпiштен са­лынған  үйлердiң нарықтағы ба­ғасы. Бұлардың жақ­сысы – үй қыста жылы болып, шуды да өткiзбейдi.
Қаладағы кейбiр құрылыс ком­паниялары ендi салынатын үйдiң де  шаршы метрiне сатып алу­шы­дан алдын ала ақша сұрайды. Мұн­дай күмәндi iске кiрiспес бұрын көп ой­ланған жөн. Сөздiң ретiнде айта кете­лiк, мұндай үйдiң шар­шы метр­­лерiн 800 теңгеге баға­лай­ды. Қара­жатты түгел құю – шарт.
Кейде «эконом класс» пен «биз­нес кластың» ара-жiгi қосы­лып кетсе,  кей жағдайда бизнес класс санатындағы  тұр­ғын үйлер эли­талық тұрғын үйлермен «таласып» жатады. Бұл – бү­гiнгi нарықтың  жағ­дайы. Бизнес кластың артық­шылығы – қазiргi заманның маң­дай алды  энер­гия үнем­дейтiн тех­нологияларын қол­да­нып, сапалы сантехника, шусыз лифт, теле­ком­му­ника­ция, жерасты паркинг, видео­ба­қылау орнатылып,  үйлер «эконом кластан» көш iлгерi бо­лып, құнына лайық баға­ланады. Қазiргi нарықтағы биз­нес класс сана­тындағы сол жаға­лауда тұр­ғызылған жаңа үйдiң 104 шаршы метрi­не (3 бөл­мелi пәтер) 170 мың дол­лар сұрап тұр. Онда да жоғарғы қа­бат­тағы үш бөл­мелi пәтер­лер ғана қалыпты. Ал, бiр-екi бөлмелi пәтерлерi қанша тұра­ды десеңiз, құпия. Өйт­кенi, олар үй пай­да­лануға берiлмес бұрын, әл­де­қашан сатылып кеткен. Демек, аста­-на­лық­тар­дың тек көрпесiне қарай емес, өз еркiнше көсiлуiне  мүм­­кiндiгi бар деген сөз.
Пәтер сатып алмас бұрын, үйдiң комму­нал­дық қыз­ме­тiнiң  бағасын да бiлген жөн. Себебi, жай үйлерде  әр шар­шы метрге  35-40 теңгеден кел­се, элиталық үйлерде бұл қыз­меттiң құны – 90 теңгеге дейiн жетедi. Әр шаршы метрi.
Онда  элит класс санатына кiре­тiн Хайвилдiң ұядай үйлерi жайлы айталық. Себебi, Хай­вилдiң С бло­гының құрылысы аяқталуға жа­қындап, пәтер­лердi сату басталып ке­тiптi. Мұндай құры­лысты   «ақыл­ды үйлер», «қала iшiндегi қала» деп те атай­ды. Жанға керек­тiң бәрi бар үйдiң пәтерлерi 65,80 м2басталып, 527 шаршы метрге дейiн жетедi. Бағасы әр шаршы метрге 2700 дол­лардан бас­та­лады. Элит атына заты сай болуы үшiн, тұрғын үй ке­шенi қала­ның көрiктi жерiн­де бой көтеруi  керек. Терезе­лерден кө­рiнетiн қала, табиғат көрiнiсi де ескерiледi. Қасбетi, iшкi интерьер, инфрақұры­лымы­ның дамуы, ин­же­нерлiк  құ­рылғылары соңғы техно­ло­гиялармен жасақта­лып, iшiн­ара  жиһазы­мен жасан­дырып, бар талғамға сай келсе, неге элит үй­лер­ден жай iздемеске?! Тек, ойы­мыз­ды нарықтың  бағасы бұзбаса болғаны…

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button