Әлеумет

«ҮЙДІҢ АУЫЗ ҮЙІ»

Қазіргі таңда елімізде кеңінен талқыланып жүрген мәселелердің бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын. 

Шынында да, бұл іске үлкен жауап­кер­шілікпен қарап, бір шешімге келетін уақыт жеткендей. Әйтпесе, төл әріптеріміз қашанғы қағажу көре бермек. Бұдан бұрын да жарнамалардағы қазақ әріп­­те­­рі­нің жазылуындағы қателіктерді жазған болатынбыз. Қанша жазсақ та, қоры­тын­ды шықпағандай. Дегенмен, тағы да көзі­міз­ге шалынған тағы бірқатарына тоқтал­ғанды жөн көрдік. 

Пушкин көшесіндегі «Техникалық байқау» деп бадырайып тұрған жарна­ма­да «қ» әрпінің орнына «к» әріпі жазыл­­са, осы көшедегі «дүкен» сөзі «ду­кен» бо­лып қате жазылған. Ал, Жеңіс даң­­ғы­­лы­­ның бойындағы бір сауда үйінің маң­дай­ша­сындағы «кір жуатын үй жабдық­тары» деп жазылатын сөйлем «ұй жабдық­тары» болып тұрғанына біраз уақыт болды.­ Қажымұқан көшесіндегі аударма дұрыс емес. «Домовая кухня» деген сөз «Үй асханасы» деп ауда­рыл­ғаны дұрыс еді. Ал, оның орнына «Үйдің ауыз-үйі» деп жазылып тұр.

Түйіндеп айтарымыз, қазақ тілінде, яғни, мемлекеттік тілде жазылған жарнамалық сөздердің қате жазылмауын жөнге келтіру үшін алдымен мекеме-кәсіпорын басшы­лары­ның жауапкершілігін арттыру, әкім­ші­лік жазаны күшейту қажет-ақ. Әйтпесе, жаздың не, жазбадың не, қате жазулардан арылмайтынымыз анық.

Олжас БӘДІРҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button