SportЖаңалықтарҚала мен Сала

Үйірмеге үйір бол!

Сарыарқа ауданы Көктал-2 тұрғын алабында жаңа дене шынықтыру-­сауықтыру кешеніндегі спорттық үйірмелерге балалар мен жасөспірімдерді қабылдау басталды. Мұнда олар өздері қалаған спорт түрімен айналысуға мүмкіндік алады.

[smartslider3 slider=805]

Спорт кешенінде № 7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде балалар спорттың 8 түрімен айналыса алады. Ал № 5 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 3 түрімен айналысуға жағдай жасалған.

Үйірмелердегі топтарды қалыптастыру осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінің ауданы 2634 шаршы метрді құрайды, нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған.  Және  де бірнеше залдан тұрады. Кешен №5 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына берілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button