Білім

Үйірмеге үйір ме?

Елордадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында үйірмелер мен секциялардың 125 түрі бойынша 11 бағытта балаларды қабылдау басталды. Білім ошағында бюджеттік және ақылы негіздегі топтар бар.

Бюджеттік негіздегі топтарға жетім балалар, аз қамтылған отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар, көпбалалы отбасылардың балалары және Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар қабылданады. Ақылы негізде қабылдау 1-15 қыркүйек аралығында өтеді.
«Үйірмелерге қабылдау үшін ата-аналар MINDAL порталы арқылы өтініш береді. Балаларды қабылдау осы ресурс арқылы жүргізіледі. Кезекке қоюға өтініш тек электронды түрде беріледі» деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы.
Өтініш беруші ұялы телефон нөмірін, заңды өкілдің ЖСН-ін және баланың ЖСН-ін міндетті түрде көрсетуі керек. Өтініш беру барысында бір реттік парольдер пайдаланылады. Кезекке қойылғаннан кейін бұл мәліметтер өтініш берушінің жеке кабинетін құру және іске қосу, электронды хабарламаларды тарату үшін пайдаланылады.
Баланың түрлі үйірмелерге және спорт секцияларына бірнеше өтініші болуы мүмкін. Өтініш берген кезде баланың тұратын жері маңызды емес. Баланың тіркелгені туралы смс-хабарламаны алғаннан кейін растайтын құжаттарды (баланың ЖСН-і, ата-анасының ЖСН-і, медициналық анықтама, жеңілдікті растайтын құжаттар) толтырады және қоса тіркейді.
Бұдан әрі MINDAL порталы балаларды топтарға бөледі. Ата-аналардың портал арқылы үйірмелер мен секциялардағы бос орындарды үнемі қадағалау мүмкіндігі бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button