Жаңалықтар

ҰЙЫМ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРДЫ

_MG_4053

Жақында «Нұр Отан» партиясы Алматы ауданы филиалының ХІХ есептік-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Аcтана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов, Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын, қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалының төрағасы Абай Байгенжин және бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде – саяси кеңес және саяси кеңес бюросының Алматы аудандық филиалының 2013-2014 жылдардағы жұмысы, партияның Алматы аудандық филиалы саяси кеңесін тағайындау, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясына өкілдерін тағайындау, партияның Алматы аудандық филиалы саяси кеңес отырысын ұйымдастыру (партияның Алматы аудандық филиалы саяси кеңес бюросының мүшелерін тағайындау) мәселелері қаралды.

Жиында «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалының 2013-2014 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары бойынша саяси кеңес пен саяси кеңес бюросының есебі тыңдалды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясы Алматы
ауданы филиалының саяси кеңесіне жиырма тоғыз адам, саяси кеңес бюросына тоғыз адам сайланды. Есептік-сайлау конференциясының мүшелері анықталды.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button