Елорда тынысы

Үкілі үмітіміз – үздіктер

Биыл елордада 8599 оқушы 11-сынып бітірді. Соның ішінде 348 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 450 түлек мектепті үздік аяқтады. Білімді жеткіншектерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов марапаттады. Талаптың тұлпарын мініп, тас қияға өрлеген ұл-қыздар үшін дәстүрлі «Елорда мақтанышы» салтанатты кеші өтті.

[smartslider3 slider=3278]

 

Биылғы оқу жылында оқушылар республикалық олимпиада мен байқауда 100-ден астам алтын мен күміс, 157 қола медаль жеңіп алды. Ал 89 оқушы халықаралық олимпиадаларда медальға ие болды. Осылайша, елорданың құрама командасы 15 жыл бойы жалпыкомандалық есепте 1-орын алып, «Үздік олимпиадалық команда» атағын иеленіп келеді. Осыған орай қала әкімі Алтай Көлгінов биылғы «Алтын белгі» иегерлері мен үздік түлектерді құттықтады.

– Мұның бәрі – педагог, оқушы және ата-ананың еңбегі. Оқушылар өз білімімен, еңбегімен және білімге деген құлшынысымен алға қойған мақсаттарына жете алатынын көрсетті. Кеше ғана мектепте білім алып жүрген оқушылар үшін жаңа кезең басталды. Енді әрқайсысы болашақ мамандығын анықтады. Осылайша  өз мақсатына қарай қадам басады. Ұстаздар қауымы әр оқушыға өміріне жетерлік білім берді. Ең бастысы, өзіңе және бойыңдағы күшіңе сену керек. Күнделікті еңбек пен білімің арқылы үлкен биікті бағындыруға болады. Бұл ретте мемлекет өз тарапынан сапалы және қолайлы білім алу үшін тиісті жағдайды жасайды. Идеяларыңыз­дың жүзеге асуын тілеймін! – деді қала әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button