Басты ақпарат

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР – БИЛІКТІҢ СЕНІМДІ ӘРІПТЕСІ

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында елiмiзде кезең-кезеңiмен жаңа саяси жүйе, саяси партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар (ҮЕҰ), тәуелсiз БАҚ сияқты институттар пайда болды. Солардың iшiнде үкiметтiк емес сектор барынша жылдам дамыды.

2003 жылы өткен Азаматтық форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҮЕҰ-ны саяси күш ретiнде мойындалғанын, бұдан былай бұл саланың өркен жаюына мемлекет тарапынан қолдау жасалатынын айтты.

Мемлекет басшысының бастамасымен азаматтық қоғамды қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды. Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлi анықталды.

Қазіргі кезде кез келген өркениетті ел заманауи азаматтық қоғам құру, демократияны орнықтыру, құқық пен бостандықты қорғау жолында үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бірінші орынға қояды.

Бүгінде Астана қаласында үш жүзге жуық ҰЕҰ тіркелген. Жасыратыны жоқ, кейбірінің аты бар да, заты жоқ. Тек екі жүздей ұйым шын мәнінде нақты жұмыс жасап отыр. Оның алпысы ғана елордалық әкімдікпен тығыз қарым-қатынаста екен. Бірақ, соның өзінде үкіметтік емес ұйымдар жүздеген әлеуметтік жобаларды іске асырыпты.

Елордалық ҮЕҰ басшылары жиі бас қосып, жеткен жетістіктерімен бөлісуді, өздеріндегі түйінді мәселелерді ортаға салып талқылауды дәстүрге айналдырған.

31 қазан күні олар үкіметтік емес ұйымдардың дәстүрлі форумында тағы да бас қоспақшы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button