Жаңалықтар

ҮКIМЕТТIК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮЙЛЕСIМI

Астана әкiмдiгiнiң жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас пен әрiптестiк жөнiндегi Консультативтiк кеңестiң алқа отырысы өттi. Оны Астана қаласы Iшкi саясат басқармасының бастығы Болат Тiлепов жүргiзiп отырды.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айгүл Сегiзбаева «2008-2016 жылдарға арналған саламатты өмiр салты» бағдарламасы аясында қала тұрғындары арасында саламатты өмiр салтын қалыптастыруды насихаттау шараларының орындалуы туралы», Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Жүсiпова «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстар аясында бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қосымша қаржы бөлу жөнiндегi ұсы-ныстарын Астана қалалық Бюджеттiк комиссиясына талқылауға ұсыну туралы» ақпарат бердi. Болат Тiлепов «2012 жылы Астанадағы Үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы аясындағы жоба-лардың жүзеге асуы туралы» ойын ортаға салды. «Астана қаласының мүгедек-балалар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Қамқа Жасанова үкiметтiк емес ұйымдар қызметiне ұзақ мерзiмдi бағдарламаларды жүзеге асыру туралы мiндеттеме енгiзу, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы-ларға әлеуметтiк қызмет көрсету сапасын көтеру туралы баяндады.

Шынар ӘБIЛДА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button