Жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артты

Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Рахманбердінің төрағалығымен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік саланы жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың іске асырылуына байланысты онлайн режимде ашық сұхбат кездесуі өтті.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында белсенді қызмет ететін ұйымдар саны 1885-тен 2594-ке жеткен. Кездесуде қазіргі уақытта елордалық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік гранттарды орындауда елордалық ұйымдар республика бойынша көш бастап тұрғандығы жеткізілді. 2019 жылы 28 грантты елордалық ұйымдар иеленсе, биыл 30-ға жетті.
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығы арқылы біріздендіріліп келеді. Сонымен қатар, бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қызметін цифрландыруда арнайы ұйымдарға ортақ құрылған және кері байланыс үшін арнайы www.civilcenterelorda.kz сайты қыз­мет етеді.
Сұхбат барысында қоғамда әлеумет шиеленісін тудыратын мәселелердің шұғыл алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Азаматтық бастамалар орталығы жанынан мониторинг штабын құру ұсынылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button