Шаһар шежіресі

Ұл балалар хоры

Кеңес заманында Целиноград мектептерінде көркемөнерпаздар үйірмесі жүйелі ұйымдастырылып, тұрақты жұмыс істейтін. Міне, осындай үрдіс қаладағы Абай атындағы №8 мектепте де жемісті жалғасын тапты.

Мұндағы бір ерекшелік – үйірме хоры тек ұл балалардан құралатын еді. Ән сабағының мұғалімі Нина Николаевна Плетневаның осындай ұйғарымын сол кезде мектеп басшылығы қолдап, нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларынан ұйым­дастырылған ұл балалар хоры қалалық көркемөнерпаздар байқауында үнемі жүлделі орынға ие болатын. Бұл туралы осы мектептің 1974 жылғы түлегі, кезінде ұлдар хорының белді мүшесі болған (суретте алдыңғы қатарда, оң жақтан үшінші) Ерсайын Сарыбаев еске алады.

Сурет 1965 жылы №8 мектеп ұл балалар хорының байқауға дайындығы кезінде түсірілген.

(Фото ҚР Кинофото­құ­жаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынды)

Сағи Орал

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button