Президент пәрмені

ҮЛЕСІМІЗ – ҮЗДІК ОҚУ

Елбасы БЕГМАТ, мектептер арасындағы «Көшбасшы-оқушы» байқауының жеңімпазы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын ерекше ықы­лас­пен тыңдадық. Әсіресе, Жолдауда қамтылған жастарды қолдау, сол арқылы еліміздің әлем­дік білім кеңістігіндегі өз ор­нын қалыптастыру туралы сөздері бізді биік мұраттарға жете­лейді. «Мен бүгін жас­тар мә­селесіне ерекше тоқталғым келеді. Біздің жаңа саяси бағытымыз сіздерге жаңа мүмкіндік, үздік білім, лайықты қызмет және зор болашақ беруге мақсатталған. Жаңа бағытты алға жылжытып, оның жемісін көретін де жастар» деді Елбасы өз сөзінде. Шынымен де, Елбасы жастарға, білім беру саласына бар жағдайды жасап отыр. Бізге тек осы мүмкіндіктерді пайдаланып, үздік білім алып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Болашақ – жалындаған жастардың қолында. Ендігі мұрат – еліміздің келешегі үшін тер төгіп, Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосу.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button