Басты ақпарат

Үлескерлер үміті ақталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елорданың мыңдаған тұрғыны ­қоныстой қуанышына кенелді. Құрылысы ұзаққа созылған ауқымды «Шығыс» тұрғын үйіне үлескерлер қоныстанса, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бо­йынша кезекте тұрғандар сол жағалауда бой көтерген жаңа үйден пәтер алды. Қолдарына пәтер кілтін ұстаған астаналықтардың қуанышы Тәуелсіздік күні мерекесімен ұштасты.

[smartslider3 slider=1494]

«Шығыс» көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше кезектен тұрады, онда үлескерлердің ең көп саны шоғыр­ланған – шамамен 2,5 мың отбасы. Бірінші кезекте «Шығыс» ТК құрылысы аяқталып, қазір 800-ге жуық үлескер өз пәтерінде тұрып жатыр, ал құжаттарды ресімдеу процесі жүргізілуде. Биыл барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, осылайша 7500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі.

«Шығыс» ТК 2 және 3-кезектегі 1047 үлескерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кілтін беріп жатыр. «Шығыс» ТК қалған 1058 үлескерінің төртінші және бесінші кезегінің мәселелерін екінші деңгейлі банкпен және инвестормен «қоныс аудару» жобасы бойынша жасалған келісім аясында шешу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елорда әкімдігі ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша осы блоктарда құрылысты қайта бастау үшін қажетті рәсімдер жүргізілді: объектінің техникалық тексеру қорытындысы алынды, қаржылық аудит жүргізілді, құрылыс салушы анықталды. Нысанның барлық 17 блогында монолитті жұмыстар, тас қалау жұмыстары жүргізілді, сыртқы инженерлік желілер тартылды, терезе блоктары жайластырылды, ішкі әрлеу және қасбетті орнату жұмыстары жүргізілді. Күн салқындағанға де­йін абаттандыру және шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары жүргізілді.

Осылайша биыл 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, нәтижесінде 7500-ден астам үлескер мәселесі шешіледі. 2019-2020 жылдары 33 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. 5 мыңнан астам үлескер отбасы көптен күткен қоныстойын тойлады. 2022-2023 жылдары құрылысы ұзаққа созылған қалған үйлерді аяқтау жоспарланып отыр. Ұзақ құрылыстың әрбір нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар кестесі бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button