ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Үлескерлерде үміт оты жанды

«Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Нұр-Сұлтан қаласындағы ұзаққа созылған үлескерлік құрылыс мәселесін келер жылдың соңына дейін толықтай шешуге ниетті. Әу бастағы жоспар бойынша аталған санатқа жататын  құрылыс нысандарындағы жұмыстар  2023 жылы аяқталуы керек болған.

[smartslider3 slider=223]

Ал «Елорда құрылыс компаниясы» 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған «Аниса 2,3», «Мұнар-2» және «Магистральный 3» тұрғын үй кешендерінің инвесторларымен бірлескен іс-әрекет бойынша келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер мен инвесторлар арасында келісім жасау арқылы да мыңнан аса үлескерді баспанамен қамту жоспарланған. Жоба аясында құрылыс компанияларымен келісімді бұзған 300-ге жуық үлескердің қаржысы қайтарылып, мәселесі шешіледі.
Негізінен елордадағы үлескерлік құрылыс мәселесі көпжылдық жоспарға сай 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында шешілуі керек болған. Бұл құрылыс нысандарындағы жұмыстарды нұр-сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алды. Қала әкімдігінің жанында үлескерлік және ұзаққа созылған құрылыс нысандарының мәселесімен айналысатын ведомствоаралық комиссия құрылған. Онда әрбір нысан бойынша кешенді іс-шаралар жоспары жасалған.
2019 жылдың жазында елордада 50 мәселелі құрылыс нысаны болған. 15 мыңнан астам үлескер өз пәтеріне кіретін күнді асыға күтіп жүрген-ді. Сол жылдың соңында 10 құрылыс нысанындағы 13 үй пайдалануға беріліп, 2,5 мыңнан астам үлескер пәтер кілтін алды. Өткен жылы пандемияға қарамастан 3 мың үлескердің мәселесі шешіліп, 14 нысандағы 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған болатын. Ал биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 18 нысандағы 57 тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Нәтижесінде 7,5 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілмек. Конституция күні қарсаңында 225 үлескер өздерінің көптен күткен пәтерлерінің кілтін алып, қоныстойын тойлады. Қазіргі таңда 30-ға жуық құрылыс алаңында тиісті жұмыстар жалғасуда. 7 тұрғын үй кешеніндегі 409 үлескердің мәселесі оларды басқа үйге көшірумен шешілді. Ал  «Үміт береке» тұрғын үй кешенінде 75 үлескердің қаражаты жеке инвестордың қаржысы есебінен қайтарылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button