Тәуелсіздікке 30 жыл

Үлкен еңбектің жемісі

Құрметті жерлестер, қазақстандықтар, елорда халқы! Келіп жеткен Тәуелсіздіктің 30 жылдық торқалы тойымен бәріңізді құттықтаймын! Осы мереке шын мәнінде ғасырлар бойы халқымыздың, еліміздің аңсап күткен мерекесі болатын.

[smartslider3 slider=1517]

Кешегі отарлық заманда, одан ке­йінгі кеңестік дәуірде қазақ халқының көрмеген қиыншылығы жоқ. Соның жаңа белесіне, ақтайтын, анықтайтын кезеңге біздің келіп жеткен жайымыз бар. Бірінші кезекте осы кезеңдегі кешегі ел үшін, халық үшін күрескен ұлы тұлғаларды біз ақтап алдық. Биылдың өзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен кешегі қуғын-сүргін, ашаршылық жылында құрбан болған халқымыздың ұлы мен қызы, перзенттерін ақтап жатырмыз. Осының бәрі – тә­уелсіздіктің жемісі. Қазір Қазақстан әлемге белгілі, экономикасы қарыштап дамыған, әлемдік қауымдас­тыққа толыққанды мүше ретінде кірген елге айналып отыр. Бұл да осы үлкен еңбектің, тәуелсіздіктің жемісі.

Мен осы мерекеде сіздерге бастарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын дегім келеді. Еліміз аман болсын! Жақсылықпен биіктен көріне берейік! Қазақстан әлемдік деңгейдегі өзінің орны бар мемлекет бола берсін!

Тілеген СЫДЫҚОВ,

тарих ғылымдарының

докторы, профессор

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button