Ресми бет

Үлкен Еуразиядағы диалогтың келешегі

Нұр-Сұлтанда «Пандемиядан кейінгі жаңа әлемнің келешегі» тақырыбына арналған «Астана клубының» алтыншы отырысы басталды. Халықаралық диалог алаңының жұмысына бұрынғы мемлекет және Үкімет басшылары, зерттеу және сараптама орталықтарының, халықаралық ұйымдардың басшылары, жаһандық БАҚ-тарды қоса алғанда, 50-ден астам беделді әлемдік спикерлер қатысуда. Халықаралық сарапшылар үш күн бойы – 15-17 қарашада жаһандық экономика, геосаясат және халықаралық қатынастар, климаттық өзгерістер және басқа да өзекті мәселелерді талқылайды.

[smartslider3 slider=930]

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Астана клубының» пікірталас алаңында «Тәуелсіздіктің 30 жылы:  Назарбаевтың стратегиясы және Қазақстан мен Орталық Азияның болашағы» атты сессия өтеді. Сондай-ақ осы басқосуда Елбасының бастамасымен 2019 жылы құрылған «Ядролық диалог бойынша іс-қимыл уақыты» тақырыбындағы Жаһандық көшбасшылар альянсының (ЖКА)отырысы аясында ядролық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Қазіргі уақытта ЖКА 70-тен астам халықаралық қайраткерлерді, соның ішінде саясаткерлерді, сарапшыларды және Нобель сыйлығының лауреаттарын біріктіреді. Алтыншы отырыстың жұмысына Бельгияның Премьерми нистрі (2008, 2009-2011) Ив Летерм, Грузия Парламентінің төрағасы (2001-2008) Нино Бурджонадзе, Мадрид клубының президенті, Словения президенті (2007-2012) Данило Тюрк, Түркия президенті (2007-2014) Абдолла Гүл, Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті (АҚШ) Джонатан Гранофф, Постиндустриалды қоғамды зерттеу орталығының директоры (Ресей) Владислав Иноземцев, Халықаралық қатынастар кеңесінің (CFR) аға вице-президенті Джеймс Линдси және басқалар қатысуда. Форумның жұмысын ашып, сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева: «Біздің клубтың алдыңғы отырысы 2019 жылы өтті. Бұл мүлдем басқа дәуірде болған сияқты. Сонда вирустың жаппай өршуі өмірімізді өзгертеді, экономиканы тоқтатады және әлемнің көптеген елдерін оқшаулауға мәжбүрлейді деп ешкім ойлаған жоқ. Пандемия бәріміздің қаншалықты өзара байланысты және бір-бірімізге өзара тәуелді екенімізді тағы бір көрсетті» деп атап өтті. Ол өзара сенім тәртібін қалпына келтіру «Астана клубының» басты міндеті екеніне тоқталды. Қордың басшысы пандемия әлемдік жүйеде баяғыда пісіп-жетілген іргелі өзгерістердің катализаторы болғанын айтты. «Әлемде бұл өзгерістер қай бағытта болуы керектігін нақтылайтын бірлік жоқ. Сол себептен қазір үлкен Еуразиядағы диалогты қайта жаңғырту қажет екені анық» деді Дариға Назарбаева. Бұл ойды «Thinking the unthinkable» жобасының негізін қалаушы және директоры, Лондондағы Король колледжінің профессоры, BBC World News (1996-2014) жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі Ник Гоуинг қолдады. «Әлемде COVID-19-ға байланысты мұндай жағдай болады деп ешкім болжай алмады» деді сарапшы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button