Мәдениет

Ұлт аспаптар әлеміне саяхат

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» фольклор­лық ансамблі Ә.Марғұлан атындағы №40 ­мектеп-лицейінде «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты мерекелік кеш өткізді. Бұл шара Наурыз мерекесін атап өтудің тұжырымдасына сай «Тағзым» күні аясында ұйымдастырылды.

[smartslider3 slider=2471]

Өскелең ұрпақты ұлт қайнарынан нәр алып, отаншылдыққа баулу, қазақтың дәстүрлі аспаптарын дәріптеу мақсатындағы ­лекция-концертте шертер, ортеке, жетіген, сырнай, сазсырнай, сыбыз­ғы, қобыз, нарқобыз сынды аспап түрлері кеңінен таныстырылды. Іс-шара барысында ансамбль жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин оқушыларға ұлттық аспап түрлері жайлы мәлімет берді. Оған сұрақтар қойылды. Оқушылар дәстүрлі аспаптарда ойнап көрді.

«Тағзым» күніне орай аталмыш мектепте тағы бір шара – 10-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру» атты дөңгелек үстел мәжілісі. Оған қатысқандар Наурыз мейрамының тарихы мен құндылығын талқылап, халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына тоқталып, өз ой пікірін білдірді. Аталған іс-шараны тарих пәні мұғалімі Дина Сабанбай ұйымдастырып, өткізді.

 Жұлдыз НАЙМАНБАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button