Мәдениет

ҰЛТ АСПАПТАРЫН ҰЛЫҚТАЙДЫ

Кеше Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында жас орындаушылар байқауы басталды.

42_Богатый_и_яркий_мир_казахов1

Байқау домбыра, қылқобыз, прима және жетіген номинациялары бойынша өтеді. «Байқау шығармашыл жастарды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл елордалық талантты жастарды анықтаудың жақсы мүмкіндігі» дейді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ербол Рыс­паев.
Байқауға 14 пен 25 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, ұлттық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетеді. Ал конкурстың өзі ұрпақ тәрбиесі, келешек ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау және ұрпақтар сабақтастығы бойынша өтетін іс-шаралар аясында ұйымдастырылады.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button