Тәуелсіздікке 30 жыл

Ұлт беделі мен болмысы қайта оралды

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы мемлекетіміздің күш-қуатын жаһанға тағы бір әйгілейтін маңызы зор оқиға болары сөзсіз.

[smartslider3 slider=1493]

Елордамыздың жасампаз көркімен бірге өсіп, өркендеп келе жатқан қазақстандықтарға ақ жол тілеймін! Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев астананы салу арқылы халықты заманмен, заманды халықпен байланыстырды. Бұл, ең алдымен, ғасырлар қойнауына шөгіп кеткен ұлт беделі мен болмысының қайтадан оралуы деп түсінген дұрыс. Қазақстан атты зайырлы мемлекеттің саясында қоғамдасып, өмір сүріп жатқан басқа халықтардың басын қосып, берекесін сақтап отырған қазақ ұлтының жаңадан дәуірлеген пассионарлық санасының ұстыны – елорда. Елорданың төрінде рухани биіктіктің асқақ образы тәріздес алып «Бәйтерек» тұрғанда, оны аялаған халықтың аласаруға әсте қақысы жоқ. Біз – дастарқанымыз даламыздай кең, көңіліміз Көкшенің суындай мөлдір, рухымыз Алатаудай асқақ халықпыз. Астана – біздің осы ниетімізге қарай Тәңірдің берген сыйы. Әлемде елордасын ауыстырған талай жұрт бар. Оны тарихтан білеміз. Бірақ мемлекеттік бюджетке салмақ түсірмей, өздігінен бой түзеген біздің елордамыз сияқты қала әлем тарихында болмаған екен. Бұл да – сол Елбасының көреген саясатының жемісі.

Алдан СМАЙЫЛ, жазушы-публицист,

 Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button