Білім

Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде

Қазіргі ұлт педагогикасының алдында тұрған міндет – ұлттық құндылықтармен қаныққан, жауапты, еңбекқор, белсенді, отаншыл және өзіндік азаматтық ұстанымға ие ұрпақты тәрбиелеу. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының деңгейін арттыру және тәрбие процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін пайдалану мақсатында Астанада «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты бірыңғай педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңеске ҚР Оқу-ағарту министрлігінен, әлеуметтік әріптес­тер, білім беру ұйымдары, ата-аналар бірлестіктерінен барлығы 1500 адам қатысты. Жиында Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары  Маржан Қайырбаева бала тәрбиесіне қатысты ата-аналар үшін маңызды нәрселерге тоқталып өтті.

Қатысушылар баланың рухани-­адамгершілік құндылықтарын тәрбие­леудегі отбасының рөлі, мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы туралы сұрақтарды талқылады. Педагогикалық кеңес аясында 9 әдістемелік алаң жұмыс істеді.

Спикерлер ҚР «Әкелер Одағы» рес­публикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Айтмағанбет, көшбасшылық және мотивация бойынша жаттықтырушы, «Жаңа ұрпақ» республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы А.Абжанов, «Қоғамның жаңаруы» қоғамдық бірлестігінің басшысы В.Евдокимов, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының тәрбие бөлімінің басшысы С.Смақов, Қ.Сәтбаев атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінің директоры Қ.Байтажикова және №37 мектеп-лицейінің педагогы М.Біләл өз баяндамаларында осы саланың өзекті мәселелерін сөз етті.

Жаңартылған білім мазмұнына енгізілген өзгерістердің мәні құндылықтарға бағдарланған оқыту тәсілін қолдануды көздейді. Бұл ретте,  әсіресе, тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басымдық балалардың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, осы мақсатта кемшіліктерді болдырмауды көздейді. Тәрбие жұмыстарында орта білім беру ұйымдарында мектеп пен мен ата-аналардың өзара әрекет етудің жаңа форматы анықталды. Мектеп пен ата-ананың өзара іс-қимылының жаңа форматын іске асыру шеңберінде ата-аналар қауымдастығымен жұмыс істеудің түрлі деңгейлері айқындалып отыр. Олар: топтық, жеке, ұжымдық.  Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырудағы басты міндеттердің бірі – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ролін дұрыс түсінуді, мектеп пен сыныптың оқу-тәрбие процесіне қатысу қажеттігін қалыптастыру.

Міне, осы мәселелер елордада өткен педагогикалық кеңесте жан-жақты сөз болды. Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды. Онда оқу-тәрбие процесінің жай-күйін, педагогикалық құрамның кәсіби құзыреттілік деңгейін, білім алушылардың оқытылуын, тәрбиелілігін және дамуын диагностикалау, сапалы оқу-тәрбие жұмысы үшін бүкіл ұжымның күш-жігерін біріктіру, оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігі мен тиімділігі мониторингінің нысандары мен әдістерін жетілдіру және тағы басқа өзекті мәселелер сөз болды. Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселе мен сөйлеушілер сөзін ескере отырып педагогикалық кеңес шешім қабылдады.

 

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button