Мәдениет

Ұлт ұстазы жайлы сыр-сұхбат

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «JASTAR COWORKING» орталығы бұдан былай «Мемлекетшілдік және тұлғалар» атты тұрақты рухани кездесулер ұйымдастырып отырады

[smartslider3 slider=2057]

Әр кездесуде ұлы түрік қағандарынан бастап қазақ хандары, билері, батырлары мен алаш арыстары және бүгінгі қайраткерлерімізге дейінгі тұлғаларымыздың мемлекетшіл ұстанымдары әңгімеленеді. Міне, осы жоба аясында «Алаш және мемлекетшлдік сана» тақырыбында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған телехикаяны түсірген шығармашыл топпен кездесу өтті.

Өткен жылдың соңында ұлттық арана «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясын көрермендер назарынан ұсынаған болатын. Алты бөлімнен тұратын фильм продюсері Айсәуле Әбділдаева болса, сценарийін Мұрат Есжан мен Ұларбек Нұрғалым жазыпты. Режиссері де – Мұрат Есжанның өзі. Ал басты рөлді Байғали Есеналиев сомдаған болатын. Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен бір мөлтек сыр шертіп, Алаш арыстарының өнегелі өмір жолын шығарманың арқауы еткен бұл телехикаияны көрермендер жылы қабылған болатын. Кітапханадағы еркін сұрақ-жауап форматындағы рухани кездесуде мектеп оқушылары мен студенттер аталған жайлы әсерлерін әңгімелеп, көкейдегі сұрақтарын қойды.

«Біздің кітапхана Нұр-Сұлтан қаласындағы бірден-бір руханият ордасы болғаннан соң жастардың бойындағы мемлекетшілдік пен ұлттық сананы нығайту бағытында тұлғалармен әркез осындай кездесулерді жиі өткіземіз. Бұрын үлкен кісілермен өткізсек, қазіргі кезде орта, жас буынмен де пікір алмасуды қолға алып отырмыз. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаш және мемлекетшілдік сана» деген жобаны бастап жатырмыз. Осы жерде жастарды алаштанушылармен, ғалымдармен ұдайы кездестіріп отырамыз. Бүгінгі сыр-сұхбат Ахмет Байтұрсынұлына арналғандықтан, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, танымал болып жатқан «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалы төңірегінде болды. Бұл тақырыпты да біздің кітапханаға келетін студенттер мен жастар өздері таңдап отыр» деді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Жастар орталығының жетекшісі Жарқынбек Жұмаділұлы.

Әсия Нұрбекқызы

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button