Жаңалықтар

Ұлт ұстазын ұлықтау сапары

Жақында ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының жолы» экспедициясы басталды. Қостанай-Нұр-Сұлтан-Қарағанды-Қарқаралы-Ақтерек-Семей бағытына шыққан топ елордадағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдегі мұражаймен танысып, «Қаламгерлер» аллеясында Алаш қайраткерлері ескерткішіне тағзым етті.

[smartslider3 slider=3208]

«Қараөткел» зиратына барып дұға бағыштады. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарымен кездесті. Кездесуге филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, университет проректоры, академик Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекжан Әбдуәлиұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Мұстафин, А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей директоры Зәуре Садықова, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, мәдениет қайраткері, «Елорда билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Ералы қатысты.

Әсемай ЕРЛАНҚЫЗЫ, әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button