Әлеумет

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛIСIМНIҢ ҰЙТҚЫСЫ

Қазақстанды мекен етiп отырған түрлi ұлт пен ұлыс өкiлiнiң қай-қайсысын алып қарасаңыз да, өзiнiң мәдени және тарихи өмiрiнен қалыс қалмай, танымын байытуда, мәдениетiн, өнерiн насихаттауда мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр.

Қазақстанда мекен ететiн әр ұлттың өз мәдениетiн, тiлiн, дiнiн сақтай отырып, қазақстандық мәдениетке үлес қосуына жағдай жасалған.
Бұл – бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң қазақстандық үлгiсi.
Елiмiздегi барлық этностардың шынайы келiсiм мен бiрлiкте тұрмыс кешуi, ең алдымен, қазақ халқының ата-дәстүрi мен табиғи кеңпейiлдiгiнiң арқасында болса керек.
Үш жасында сталиндiк саясаттың әмiрiмен тарихи Отанынан Қазақстанға күштеп жер аударылған Асылы Осман бiр сөзiнде «Қазақ жерiндегi тыныштық Көктегi Құдай мен Жердегi қазақтың кеңдiгiнiң арқасы…» дегенi бар едi.
Елiмiзге түрлi тарихи себептермен жер аударылған жүзден астам ұлттарды бiр шаңырақтың астына бiрiктiрiп, қазақ мемлекетiнiң керегесiн кеңейтуде оларды бiр атаның баласындай жұмылдыра бiлу, қай жағынан алып қарағанда да, оң шешiм едi
Мұны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың iшкi саяси тұрақтылық, ұлтаралық келiсiм төңiрегiнде жүргiзген сындарлы саясатының жемiсi деп бiлген жөн.
Әлемдiк қауымдастықтың саяси және экономикалық өмiрiнде қандай өзгерiстер жүрiп жатса да, Қазақстан байсалды саясат ұстанудан тайған емес.
Осының арқасында Қазақстан Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 20 жылда саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтiк және демократиялық дамыған беделдi елге айналды.
Қазақ елi қабырғасы қатайған, пiкiрiне халықаралық қауымдастық құлақ асатын деңгейге көтерiлдi.
Елбасымыз «Бiз халқымыздың татулығы мен бiрлiгiнiң арқасында асқар асуларды бағындырдық. Бiзге алдағы даму жоспарымызды, ойға алған барлық мақсаттарымызды елдегi тұрақтылық пен қоғамдағы бiрлiксiз жүзеге асыру мүмкiн емес. Сондықтан, ұлтаралық келiсiмдi сақтау мемлекеттiк саясаттың маңызды басымдығы болып қала беретiн болады», – деп үнемi айтып отырады.
Халықтар бiрлiгi төңiрегiнде әңгiме болғанда достыққа – дәнекер, ұлағатты iстерге – ұйытқы болып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында сөз қозғамау мүмкiн емес.
Бұл бiрегей институт елiмiздегi барлық этнос өкiлдерiн ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келедi.
Ассамблея қызметiнiң арқасында Қазақстанда этностық немесе дiни ерекшелiгiне қарамастан әрбiр азаматтың Конституциямен кепiлдiк берiлген азаматтық құқылары мен еркiндiгi толығымен сақталады.
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң 9 депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Бұл қалаулылар елдегi барлық этностардың мүддесiн бiлдiредi. Бүгiнде ассамблея елiмiздегi бiрлiктi сақтауда маңызды рөл атқарып отыр.
Осы орайда, Мемлекет басшысының мына сөздерi ойға оралады: «Менi небiр қиын күндерде демеп жүретiн – халықтың қолдауы, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың достығы. Бiз қоғамда қалыптасқан саяси тұрақ-тылықты, ұлттар арасындағы ауызбiршiлiктi, ағайын арасындағы сыйластықты, адамдардың бiр-бiрiне деген мейiрiмдiлiгiн көздiң қарашы-ғындай сақтауды балаларымыздың балаларына аманат етiп өтуге тиiспiз!».
Қабан жырау: «Бақыт, қайда барасың? Көршiмен болған бiрлiгi, Тағат, ғибадат тiрлiгi Ұйымшыл елге барамын» деп жырлаған екен.
Демек, елдiң елдiгi болуы үшiн, алдымен, ауызбiрлiгi ауадай қажет.

Шынар ДОСАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button