Мәдениет

Ұлттың баға жетпес байлығы

Ұлттық кітап күніне орай Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармония ғимаратында кітап оқу мәдениетін дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға елеулі үлес қосып жүрген тұлғаларды марапаттау салтанаты өтті.

«Кітап – ұлттың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы» ұранымен өткен іс-шараны елорданың орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдас­тырды. Салтанатты жиынға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, журналистер, мәде­ниет қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты. Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов құттықтау сөз сөйлеп, кітап оқудың маңызын және қоғамның рухани дамуындағы кітаптың алар үлкен орнын атап өтті. Технология дамыса да, кітап білім мен ғылымның маңызды көзі болып қала беретінін айтты.

Кітап оқу мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан адамдар бірқатар аталым бойынша марапатталды. Атап айтқанда, №5 балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары – Құсайыновтар отбасы үздік кітап оқитын отбасы болып танылды. «Үздік оқыр­ман» аталымында №2 кітап­хананың тұрақты оқыр­маны Әсия Ағыбаева жеңімпаз атанды. «Балаларға арналған үздік шығарма» аталымын Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасы иеленді. «Үздік жас жазушы» аталымы «Тау құсы» кітабының авторы Елдос Тоқтарбайға берілді. Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионері» «Жыл кітабы» болып танылды. «Үздік инклюзивті ақын» аталымы көзі нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапхананың белсенді оқырманы Алмасбай Ерниязов­тың еншісінде. «Үздік студент оқыр­ман» Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Мәдина Ғиззатова болды. №109 мектептің 9-сынып оқушысы Ерке Омархан «Үздік мектеп оқырманы» болып танылды. «Кітапхананың достары» аталымы кітап­хана ісін дамытуға және мәдени-ағартушылық бастамаларды қолдауға елеулі үлес қосқан қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Қасымбергебаевқа, журналист-публицист, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубайға, дизайнер, оқытушы Оксана Ереминаға, волонтер Сәния Омароваға, кітап шығару саласындағы белсенді жұмысы үшін «Фолиант» баспасына тапсырылды.

Поэзия байқауының жеңімпаздары: бас жүлде – Маржан Жаңабек (№78 орта мектеп); 1-орын – Қарақат Тоқтар (№48 мектеп-лицей), Толыбай Кәусар (Сәтбаев атындағы Binom мектебі); 2-орын – Айару Мақсатова, Оразғали Балым; 3-орын – Кәусар Есенқұл, Гүлім Бақыт, Айару Рахымбек, Тоқсанби Мұхамедияр. Көркем оқуда өнер көрсеткені үшін ынталандыру сыйлықтарын қаладағы әр мектептен 5 қатысушы алды. Проза байқауының жеңімпаздары: 1-орын – Амира Дұғалиева (№101 орта мектеп); 2-орын – Асқар Бақытбек (№78 орта мектеп); 3-орын – Саянұр Зәкірова (№40 мектеп-лицей). Шығармашылық таланты үшін Ләззат Әбдіқал (Ғ.Орманов атындағы гимназия) марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button