Денсаулық

Ұлттық егу күнтізбесіне өзгерістер енгізіледі

Елімізде 2024 жылдың күз мезгілінде адам папилломавирусына қарсы кезекті вакцинациялау жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде ҚР медициналық қоғамдастық өкілдерімен өткен онлайн баспасөз-конференциясыда айтылды.

«Адам папилломасывирусы (АПВ) – әртүрлі ауруларға, соның ішінде сүйелдерге, ісікке дейінгі жағдайларға және қатерлі ісікке әкелуі мүмкін вирустар тобы. Сырқаттың алдын алу мәселесі қолға алынып, АПВ-на қатысты аспектілерді қамту, алдын алу және емдеу туралы халықты ақпараттандыру жүргізіліп жатыр.

АПВ инфекциясы – жатыр мойны обырының дамуының негізгі себептерінің бірі. Аталмыш ауру бүкіл әлемдегі әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктердің арасында 4 орында тұр. Сүт безі қатерлі ісігінің таралу деңгейі бойынша елімізде екінші орында. Бүгінгі таңда, қауіпті инфекцияның алдын алудың бірден бір жолы – вакцинациялау. Барлық вакциналар жатыр мойны обыры мен АПВ-на байланысты кейбір басқа қатерлі ісіктерді тудыратын жоғары онкогенді АПВ-сы  түрлерімен инфекцияның алдын алуда тиімділігі жоғары», — деді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева.

Дәрігерлердің айтуынша, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген мерзімдерге сәйкес, біздің елімізде 2024 жылғы күзден бастап 11 жастағы қыз балаларды ауруға қарсы вакцинациялау жүргізілетін болады. Вакцинация рәсімі ата-ананың келісімін алған жағдайда білім беру мекемелерінде ерікті түрде жүргізіледі. Ұзақ мерзімді иммунитетті қалыптастыру мақсатында вакцинация жылына 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті дамытуға қауіпті. Сондықтан, профилактикалық екпе – түрлі инфекциялардың алдын алады. Жоспарлы вакцинациялау кезінде «Мерк Шарп және Доум» адам папиллома вирусына қарсы американдық вакцинасы қолданылатын болады. Бүгінде елімізде  6, 11, 16 және 18 онкогендік типтерге қарсы төрт валентті вакцина бар.

2006 жылы жасалған адам папиллома вирусына қарсы вакцина әлемнің 135 елінде бұрыннан қолданылып келеді. Сол кезден бастап Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Дания, Норвегия, АҚШ және басқа да көптеген елдерде қолданнылады. АПВ-на қарсы вакцинация ТМД елдерінің арасында (Армения, Грузия, Молдова), Түркіменстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда да енгізілді.

Ерте жастан вакцинацияланған адам қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін жоғары онкогендік қауіпті  АПВ-ның  көптеген түрлерінің алдын алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button