Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРІЛДІ

Кеше  ҚР Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров  «Орталық» әскери аймақтық басқару бөлімінде өткен Ұлттық гвардияның оқу-әдістемелік жиынына қатысты.

Іс-шара аясында Ұлттық гвардия әскери кеңесінің отырысы өтті. Онда қызметтік-жауынгерлік жұмыс қорытындыланып, алдағы уақытқа айқын міндеттер қойылды.

Жиында Қ. Қожамжаров қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде Ұлттық гвардияның маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол қызметті жақсарту мақсатында бірқатар міндеттер жүктеді.

Қажетті жерге әскери күшті жіберу, парашюттік-десанттық топ пен жауынгерлік барлау тобының әрекеттері көрсетілді.

Жиын соңында Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы «Орталық» әскери аймақтық басқару бөлімінің жеке құрамының әрекеттеріне оң бағасын берді.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button