#Жаңа Қазақстан

Ұлттық мәдениет – құнды мұра

«Respublica» партиясы түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда 600-ден астам тұрғынмен кездесті. Партия төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Айдарбек Қожаназаров кездесуде ұлттық мәдени бірегейлікті ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

– Көшпенділердің тарихи-мәдени мұрасын саналы ұрпақ ретінде сақтап қана қоймай, жастардың санасына сәуле шашатындай насихаттау, бүкіл әлемге тарату маңызды. Біз халықтың біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыруды басты міндет ретінде қарастырып отырмыз. Қазақ халқының ұлттық мәдени болмысының өзегі – тарихи дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз және қазақ тілі. Күллі түркі әлемінің рухани астанасындағы Қожа Ахмет Ясауи сияқты тарихтағы рухани көшбасшыларымыздың дүние­танымын дәріптеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу маңызды, – деді А.Қожаназаров.

Кездесуге келгендердің басым бөлігі жастар болды. Мәдени мұраны сақтау төңірегінде өрбіген әңгімеде партия жетекшілері тың ұсыныстары мен жаңаша ойларын ортаға салды. Студенттер көшпенді халықтың мәдениетін бар әлемге паш етудің заманауи үлгілерін ұсынды. Партия өкілдері бұл мәселелерді үлкен ықыласпен тыңдап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өз кезегінде депутаттыққа кандидат Екатерина Смолякова да қоғамды топтастырудың факторы ретінде қазақ тілін насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

– Қазақ тіліндегі танымал контентті дамыту мен таратуды ынталандыратын тетіктердің жоқтығы қынжылтады. Біз бос ұрандарға қарсымыз. Біз ұлт бірлігінің басты факторы – қазақ тілін дамытудың тиімді тетіктері мен жағдайын жасауды мақсат етіп қойдық, – деді Е.Смолякова.

Сондай-ақ «Respublica» партиясының жетекшілері мен депутаттыққа кандидаттар Қызылорда облысының Шиелі ауылына барып, 100 тұрғынмен кездесу өткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button