#Жаңа Қазақстан

Ұлттық мүдде кәсіпкерлерді қолдаудан басталуы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бизнес, іскерлік қатынасқа қатысты заңдар қайта жазылып, баж салығы мөлшерін өзгертетінін айт­қан болатын. Бұл мәселенің түп-тамыры тереңде жатыр. Қазіргі уақыттағы күрделі мәселеге айналған жұмыссыздықпен күрес және жастарды мемлекеттік қолдауға ерекше екпін беретін бастама болып отыр.

Менің сайлауалды бағдарламамның түп қазығы да осы жастар мәселесі, жеңілдетілген несие беру механизмі және кәсіпкерлерді барынша қолдаудан тұрады. Батыс елдеріне, жалпы дамыған мемлекеттердің негізгі кіріс көздеріне талдау жасасақ, табыс кәсіпкерліктен түсетінін байқаймыз.

Германия, Норвегия сынды бизнес ашуға қолайлы елдер қатарында болғымыз келсе, шағын және орта кәсіпкерлік қызметті барынша дамытуымыз керек. Осы мақсатта мен мораторийді тағы бірнеше жылға созу керектігін айтқым келеді.

Мәселен, Астанада бизнес климаты қалыптасқан, мүмкіндік те, ресурс та жетеді. Бұл бастамам сауда орындары мен өндірістік мекемелер мен басқа да кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар үшін ауадай қажет.

Сондықтан бұл бастаманы қанатқақты (пилотный) жоба ретінде Астана қаласынан бастасақ болады.

Прокуратура саласындағы ұзақ жылғы тәжірибемді алдағы уақытта ұлтқа қызмет етуге арнаймын. Кәсіпкерлік саласындағы заңдылықтардың сақталуын барынша қадағалаймын.

Қадірлі менің сайлаушыларым!

Қазір уақытта құндылықтар да өзгерді. «Әділетті Қазақстан» деген – ол сіз бен біз. Мемлекетіміздің ортақ мәселесін барлығымыз бірлесе қарап, бірге шешсек қана «Жаңа Қазақстанды» орната аламыз.

Осы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырамын.

 №2 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ – КІШКЕНЕБАЕВ БАУЫРЖАН ЖҰМАБЕКҰЛЫ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button