Мәдениет

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙГЕ ТАРТУ

«Ұлттық музейге сый-тарту» акциясы жал­ғасуда. Мұражай қорын толық­ты­руды көздейтін жоба аясында Астанадағы Ұлттық музейге былтырдан бері 1816 тарихи экспонат табыс­талды.

Оның ішінде Ілияс Жансүгіров, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әли, Кенен Әзірбаев, Шәмші Қалдаяқов, Қасым Қай­сенов, Жұмабек Тәшенов сынды атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына қатысты жәдігерлер бар.
Биыл игі шараны Ақтөбе облысы іліп әкетіп, салтанатты түрде 300-ге жуық экспонатты тарту етті.
Ел Тәуелсіздігіне 25 жылдығына қарсы бұл акцияның ұлттық идеологияны, оның ішінде «Мәңгілік ел» идеясын қолдауда маңызы зор. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналып жатқан жәдігерлер қазақ тарихының куәгері іспетті. Оның барлығы да келешек ұрпақ үшін аса қажет, – деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов.
Шараға Құдайберген Жұбанов, Нұрпейіс Байғанин, Әлия Молда­ғұлова, Марат Оспановтың ұр­пақ­тары белсене атсалысты, сондай-ақ, жас миллионер Марат Жақсылықұлы, бокстан Азия және әлем чемпионы Галиб Жафаров, қазақша күрес палуаны Бақтыбай Қисықов, ел жетістіктеріне жеңіс әкеліп жүрген тағы да басқа азаматтар Ұлттық музейге жеке заттарын тапсырды. Барлық сый-тартуға заңдық негізде қабылдап алу шарты жасалып, алдағы уақытта жұрт назарына арнайы көрме ұсынылмақ.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button