Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Биылғы Наурыз мейрамын Астана қаласындағы Энергетика және байланыс колледжі айтарлықтай атап өтті. Мереке қарсаңында колледж студенттері үлкен жетістікке жетті.

Еуразия гуманитарлық институты колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ғасырлардың құрдасы, Наурыз – елдің жыл басы» атты кә­сіптік және техникалық колледждер арасында өткен ерте­гілер фестивалінде қазақ тілі пәні оқы­тушысы Г.Сай­лаубаеваның бастамасымен колледж студенттері «Ынтымақ» ертегісін көрсетіп, «Ең тартымды ертегі» номинация­сында жеңімпаз атанды.

Колледжде ұйымдастырылған Наурыз мере­кесіне бүкіл студенттер атсалыс­ты. Мерекені ұйымдастырушы колледж әдіскері Ж.Сауленбекова «Армысың, әз Наурыз!» тақы­рыбында ұлттық дәстүрімізге сәйкес көрініс және концерттік бағ­дарлама дайындады. Зал ұлттық нақышта безен­діріліп, көрме ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындарынан дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы С.Оралов жарыс өткізді. Қазақша күрес, арқан тарту, асық ойыны, қол күресі, кір тасын көтеруден сынға түскен жастарға сыйлықтар берілді.

Мереке соңында Наурыз дастарқаны жайылды.

 

Өз тілшімізден

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button