Мәдениет

Ұлттық өнерді ұлықтаған

Бас қаладағы «Қазақстан» орталық концерт залында дарынды дәстүрлі әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбековтің «Шырқа, дауысым» атты ән кеші болды. Ұлттық дәстүрлі өнерді ұлықтаған айтулы шара әйгілі ақын, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына арналды.

Ерболат – Жер жәннаты – Жетісу әншілік-жыршылық мектебінің өкілі. Оның орындауындағы әндер ұлттық нақышқа бай, жігерлі, әрі әсем, әрі асқақ келеді. Талантты өнерпаз бұған дейін көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты атанған. «Мәдени мұра» бағ­дарламасы бойынша жарық көрген «Қазақтың мың әні» жинағына Е.Шалдыбековтің 9 әні еніпті.
Кеште әнші Сүйінбай, Жамбыл, Кенен аталарымыздың толғаулары мен әндерін шырқап, дәстүрлі өнерге сусап қалған тыңдармандарды тәнті етті. Сондай-ақ ол Кенен Әзірбаевтың «Шырқа, дауысым, «Туған жер», «Жас екпін» деген әндерін «Астана сазы» этнофолькорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындады. Сонымен бірге концерт барысында белгілі күйші Жанғали Жүзбай, әнші Ардақ Балажанова және Ерболаттың шәкірттері де өнер көрсетіп, кештің шырайын келтірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button