Елорда тынысы

Ұлттық өнімді қолдайық

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Astana Invest»-тің қолдауымен қазақстандық өнім өндірушілердің жыл сайынғы VI Ulttyq Ónim көрмесі өтті. Дәстүрлі шарада 45-тен астам астаналық кәсіпорынның өз өнімдері тұтынушылар назарына ұсынылды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырған көрменің ашылу салтанатына Премьер-министр Әлихан Смайылов, елорда әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

[smartslider3 slider=3046]

Көрмеде азық-түлік, құ­рылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібінің, ауыл шаруа­шылығының 350 компаниясы, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнім өндірушілер таныстырылды. Олар елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін көрсетті. Іс-шара аясында «Халық таңдауы» тәуелсіз дегустациялық байқауы, қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер және ерлер киімдерінің топтамалары ұйымдастырылды. Сол сияқты көрме қатысушылары арасында күнделікті ұтыс ойындары өткізілді.

«Бүгінгі таңда Үкімет кәсіпкерлікті қолдау шараларын жүзеге асыруда. Соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27%-дан 35%-ға дейін ұлғайды» деді Үкімет басшысы көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде. Әлихан Смайылов шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге Мемлекет басшысы енгізген мораторий елімізде бизнес жүргізуді жеңілдеткенін атап өтті. Импортты алмастыру – кәсіпкерлер үшін даму әлеуеті зор бағыттардың бірі, тек өңдеу өнеркәсібіндегі импорттың үлесі өткен жылы $38 млрд-ты құрады. «Бұл біздің отандық өндірушілерге өз ісін дамытуға және жаңа тауарлардың өндірісіне инвестициялар бағыттау үшін үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын жасақтады, олардың 286-сы – 9,9 трлн теңге сомасына импортты алмастыратын жобалар» деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр 2022 жылы жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 165 жобаны іске асыру жоспарланғанын атап өтті. Осындай әр жобаның айналасында шағын және орта бизнес компанияларының белдеуі дамиды. Сондай-ақ бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін Кәсіпкерлік саласындағы реттеушілік саясат жөніндегі заң қабылданды. Үкімет бизнес жүргізу және нарықтағы монополияларды жою үшін бәсекелестік аясын кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық компания­лардың квазимемлекеттік сектордың сатып алуына қол жеткізуді жеңілдету бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. «Мемлекет басшысы атап өткендей, билік пен бизнестің сындарлы өзара іс-қимылы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізін құрайды. Осы бағытта Үкімет кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен ашықтығын арттыру бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыратын болады» деді Әлихан ­Смайылов. Салтанатты рәсімнен кейін Премьер-министр, елорда әкімі көрме залында болып, отандық тауар өндірушілердің стендтерімен танысты.

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев бұл алаң отандық өнімдерді насихаттауда айрықша маңызға ие екенін айтады. «Көрменің негізгі идеясы – Қазақстанда өндірілген өнімдерді дамыту. Іс-шараға қатысқан экономикамыздың түрлі салаларында өнім өндіретін 350-ден астам кәсіпорындардың ішінде 45-і – 8 салада жұмыс істейтін Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындары. Олардың арасында сондай-ақ ұлттық өнімдерімізді дамытатын қолөнершілер де бар. Бұл алаң отандық өнімдерді халық арасында танымал ету үшін өте пайдалы, сондай-ақ одан әрі экспортқа шығару үшін де маңызды рөл атқарады» деді ол.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button