Елорда тынысы

Ұлттық пікірсайыс турнирінде 1 миллион теңге ұтып алды

Елордалық команда Астанада өткен ұлттық пікірсайыс турнирінде 1 миллион теңге ұтып алды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

19-20 қазан күндері Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында бірінші ұлттық пікірсайыс турнирі өтті.

Финал қорытындысы бойынша Астана командасы жүлделі орынға ие болып, бір миллион теңге ұтып алды.

«JasREPUBLIC CUP» дебаттық турнирі «Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбында өтті және алдағы ұлттық мереке — Республика күніне арналды.

Турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен Астанаға келген 120 үздік дебатер қатысты. Олар Қазақстанда әділдікке, тазалық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жолдарын талқылады.

Бұл қызықты әрі тартысты турнирде екі команда, яғни № 5 гимназиясы Астана қаласының НЗМ лиганың жеңімпазы атанды. Әр командаға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button