“ULTTYQ RUH” республикалық байқауы өтеді

Астанада ертең халқымыздың рухани байлығы мен ұлттық мұрасын дәріптейтін “ULTTYQ RUH” республикалық байқауы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 дизайнердің жұмысы қатысады. Байқау шарты бойынша, әр дизайнер ұлттық нақышта екі дизайн ұсынуы керек: ерлерге және әйелдерге арналған киім үлгілері.
Сонымен қатар, қатысушылардың киімдері қайта өңделген материалдардан жасалған, бұл экологиялық саналы сән мен дәстүрдің үйлесімін көрсетеді.
Бұл шараның тағы бір ерекшелігі – подиумда ерекше қажеттіліктері бар адамдар модель ретінде өнер көрсетеді.
Күні: 18 наурыз
Уақыты: 13:00
Өтетін орны: М. Горький атындағы драма театры
Мекенжайы: Желтоксан көшесі, 13
Байланыс: 8 707 145 57 34
Сіздерді ұлттық мұра мен заманауи сәннің үйлесімін тамашалауға шақырамыз!