Қоғам

Ұлттық спорт күніне орай командалық жарыс өтті

Наурызнама онкүндігі аясында Алматы аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлттық спорт күні аталып өтті. Аға буын өкілдері арқан тартыс пен тоғыз құмалақ ойындарынан бақ сынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Командалар бес адамнан тұрды – скандинавиялық жүріс секциясына, емдік жаттығуларға және орталықтың жаттығу залына келушілер. Тоғыз құмалақшылар командасы да бас қосты. Қатысушылар Есіл, Нұра, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан шақырылды. Іс-шараға барлығы 100-ден астам адам қатысты.

«Үш жыл бұрын ел Президенті Наурыз мейрамының онкүндігін атап өту туралы жариялаған болатын. Әр күн қандай да бір маңызды оқиғаға арналды. Бүгін – дәстүрлі спорт түрлерін еске түсіретін күн. Еліміздің түкпір-түкпірінде, оның ішінде елордада ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртатын спорттық шаралар жаппай өтіп жатыр. Біздің орталықта әр ауданнан келген аға буын өкілдері тоғыз құмалақ пен арқан тарту ойындарынан бақ сынады. Мұндай шаралар ұмыт болып бара жатқан ұлттық спорт түрлерін жаңғыртып, жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қазақтың салт-дәстүрінде сан алуан спорт түрлері мен ойындар бар, оларды сақтап қалу маңызды», – дейді  қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Зулфухар Гаипов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button