Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық танытты
Елордада ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық танытты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Астанадағы 5573 әскери бөлімінің ұландарын қырағылық пен қызметтік адалдығы елорда тұрғындарының сенімін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қызмет атқару барысында олар жоғалған баланы табуға және ұялы телефон иесін анықтауға көмектесті.
Алғашқы оқиға Алматы ауданында кешкі сағат 20:10 шамасында тіркелді. Сол кезде әскери жасақ бастығы қатардағы Геннадий Коробов пен патрульдік жауынгерлер Владислав Бабушкин және Абдумутал Әбдікәрімовке қала тұрғыны жақындап, баласының жоғалғанын айтып көмек сұрайды. Ұландықтар дереу әрекетке көшіп, баланың белгілерін басқа жасақтарға және кезекші офицерге жеткізді. Сонымен қатар өздері де іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Қырағылық пен жедел әрекет нәтижесінде, шамамен бір сағат ішінде бала табылып, ата-анасына аман-есен табысталды.
Осы күні кешкі сағат 21:00 шамасында Алматы ауданында тағы бір маңызды оқиға орын алды. Әскери жасақ бастығы қатардағы Мейрам Бекболатов пен патрульдік жауынгерлер Дилзат Аблимитов және Ерасыл Әмірханов Петров көшесінде қызмет атқару кезінде жерде жатқан Samsung S24 Ultra телефонын байқап қалады.
– Жоғалған гаджетті тапқаннан кейін біз бұл туралы дереу патрульдік топтың бастығына баяндадық. Телефон иесін іздестіру жұмыстары көп уақыт алған жоқ. Белгіленген жерге келген азаматтың мүлкі екеніне көз жеткізген соң, оны өзіне тапсырдық, — дейді әскери жасақ бастығы Мейрам Бекболатов.
Ұялы телефон иесі кәсіби әрі адал қызмет көрсеткендері үшін ұландықтарға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.