Мәдениет

Ұлттық ұлан толықты

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімінде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанындағы жас толымын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарына салтанатты шығарып салу және мерзімді қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=3085]

Мерзімді қызметін өткерген әскери қызметшілерді құттықтау және запасқа шығару рәсімінде әскери бөлім командирі, полковник Аян Есжанов, Ардагерлердің орталық кеңесі төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағамбет пен «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставка­дағы генерал-майор Марат Нагуманов, «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова сарбаздарға алғыс білдіріп, сәт-сапар тіледі.

Бөлімнің жеке құрамы әскери қызметтен босаған сарбаздардың алдынан салтанатты қоштасу саптық шеруімен өтті.

Әскер сабына қосылғалы отырған жастарды таныстыра отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Мұрат Берекполов:

«Аға орнын іні басады» деп айтады халқымыз. Бір жыл еліміздің тыныштығын сақтауға үлес қосқан сарбаздарымыздың ата-ана, туған-туыспен қауышатын күні келді. Отан тыныштығын сақтаудың келесі кезегі осы жастарымызға келді. Ел үмітін ақтайсыздар деп сенеміз. Қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!» деп қорытындылады.

Шара соңы мерекелік әскери әндер концертіне ұласты.

 Ғани АРТЫҚОВ,

Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button