Қоғам

Ұлттық ұланға 7 000 жас сарбаз шақырылады

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ұлттық ұлан қатарына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі. Ол Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға шақыру тәртібімен жүзеге асырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жыл сайын Ұлттық ұлан қатарына 14 мыңнан астам азамат шақырылады. 2025 жылғы көктемгі шақыру науқаны аясында 7 000-ға жуық азаматты әскери қызметке қабылдау жоспарланып отыр. Әскери бөлімдерді жасақтау 20 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді.
Сарбаздар негізінен республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан әскери бөлімдерде қызмет етеді. Олардың міндетіне маңызды мемлекеттік нысандарды күзету, ішкі істер органдарымен бірлесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету кіреді..

Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің өкілдері қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда шақырылушыларды алдын ала зерделеу және жасақтау шараларын жүргізуде.

Айта кетейік, мерзімді әскери қызметшілерді қолдау мақсатында
2024 жылы Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға 3 000 білім гранты бөлінді. Оның 1 267-сі Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне бұйырды. Олардың

22-сі мерзімді қызметін өтегеннен кейін Ұлттық ұлан Академиясына оқуға түсті. Енді Отан қорғаушылар лейтенант шенін алу жолында білім алуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button