Ұлы ақынды ұлықтаған байқау

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 көпшілік кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай – ұлы тұлға» поэзия байқауы өтті.
Байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қазылар алқасының құрамындағы Amanat партиясы Астана қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Әбдіғани Бәзілхан, Amanat партиясы Астана қалалық филиалының Алматы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Нұрланқызы, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева жеңімпаздарды 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапаттады.
Байқау жеңімпаздары:
1-кезең: «Өлең сөздің патшасы»
Айлина Қанатова Айлина – 1-орын;
Еркенұр Рамазан – 2-орын;
Ақбота Үргенішбай – 3-орын.
2-кезең: «Қара сөз құдіреті»
Ерасыл Қасенеев – 1-орын;
Зарина Пархат – 2-орын;
Аниса Әбдімүтәліп Аниса – 3-орын.
3-кезең: «Абайға арнау»
Қарақат Болат – 1-орын;
Саида Гарифулла – 2-орын;
Марсель Қайыров – 3-орын.
Ақнұр ІЛИЯС, Астана қаласы