Мәдениет

Ұлы дала дастаны

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист, суретші Сейсенхан Маханбетовтің «Ұлы дала дастаны» атты Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрмесінің ашылуы өтті.

[smartslider3 slider=1371]

Көрменің ашылу салтанатына Парламент депутаттары, ҚР Қарулы Күштерінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, әскери курсанттар мен студенттер қатысты. Көрме Ұлы даланың қылқаламмен жазылған дастаны іспетті. Қазақтың байтақ даласы, жазиралы табиғаты, адамдары, тарихының өткені мен бүгіні туралы сыр шертеді.

2021 жылдың наурызында Түркістан қаласынан бастау алған суретшінің «Ұлы дала дастаны» атты жеке шығармашылық көрмесі бірнеше облыс орталықтарындағы музейлерде көрсетіліп, қорытынды көрме ретінде Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылып отыр.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы бағыт-бағдарлары суретші шығармашылығында молынан көрініс тапқан. Суретші С.Маханбетов соңғы жылдары бейнелеу өнері саласында өзінің шығармашылық ізденістері мен ең белсенді қылқалам шеберлерінің бірі болып отыр. Суретшінің картиналарында реализм стилі басым. Ол өз шығармашылығында қазақ халқының басынан өткен түрлі тарихи оқиғалар, қилы кезеңдер, ел үшін күрескен тұлғалардың образдары, еліміздің жеткен жетістіктері, сұлу табиғаты молынан көрініс тапқан.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button