Sport

Ұлы дала ұландары

Астананың 20 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт федерациясының ұйым­дастыруымен «Ұлы дала рухы» фестивалі жалауын желбіретіп, ел спортшылары аламан бәйге мен теңге ілу, жамбы ату сияқты спорт түрлерінен сайысқа түсті.

Жамбы ату спорты бойынша құралайды көзге атқан түркістандық сұр мергендер жеңіс тұғырынан көрінді. Ал екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының мергендері еншілесе, қола жүлде ақтөбеліктерге бұйырып, үздік төрттікті Ақмола облысының мергендері қорытындылады.
Теңге ілу сайысында да Түркістан облысы спортшыларының асығы алшысынан түсті. Екінші орынды БҚО, үшінші орынды Ақмола облысы, төртінші орынды Қарағанды облысы иеленді.
Ал 16 шақырымдық бәйгеде 28 сәйгүлік арасынан оза шапқан Алматы облысының Лашын атты тұлпары көмбені бірінші болып кесті. Екінші, үшінші, бесінші орындар да Алматы облысының еншісіне бұйырды. Ақмола облысы төртінші орынға табан тіреді.
Сондай-ақ «Қазанат» атша­ба­рын шаңға бөктірген 25 шақы­рымдық аламан бәйге де жан­кү­йерді қиқуға бастырып, дү­бірлетіп өтті. Бұл жарыста да Алматы облысының тұлпары қара үзді. Сонымен қатар төртінші және бесінші орындар да осы облыстың жүлде қоржынын толықтырды. Екінші орын Жамбыл облысы, үшінші орын Астана қаласына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button