Жаңалықтар

Ұлы ханды ұлықтады ұландар

Елорданың №54 мектеп-лицейінде Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы хан – халық жадында» атты тарихи-әдеби кеш өтті.

Шараға қалалық Білім басқар­масының басшысы Әсима Бимендина, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының директоры Алма Сағынғали, Мем­лекет тарихы институты директорының орын­басары Амангелді Қаш­қымбаев, сондай-ақ, мектеп директорлары, мұғалімдер мен оқушы­лар қатысты.
Өз кезегінде №5 гимна­зия­ның, №54, №56, №64 мектеп-ли­цейлерінің жә­­не №68 орта мек­теп­тің оқу­шы­лары Абылай х­ан­ның өмірі мен аза­маттық тұл­ғасын айшық­­таған сах­­на­­лық кө­рі­ніс­тер қойды.
Ал, кеш лауазымды қонақ­тар­дың тағылымды ой-пікірлерімен қоры­тын­дыланды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button