Жаңалықтар

«ҰЛЫ ЖЕҢІС БАҒАСЫ»

фото

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс бағасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Жиын басында сөз алған «Мемориалды аймақ» іздес­тіру жасағының командирі, уни­верситеттің архитектура ка­-
федрасының профессоры Майдан Құсайынов «Қазақстандық майдангерлердің фашизмді жоюдағы үлесі» атты ғылыми баян­дамасында Қазақстанда жа­сақталған дивизиялардың ұрыс даласындағы қимылы туралы тың деректерді ортаға салды. Сонымен қатар, «Мемориалды аймақ» жасағының хабарсыз кеткен құрбандарды іздеу жұмыстарымен, бауырластар қабірін қайта қалпына келтіру, соғыстан қалған мина, снарядтарды залалсыздандыру жайымен таныстырды.

Қазақстан тарихшылары кон­гресінің хатшысы Зиябек Қабылдинов Екінші дүниежүзілік соғыстың ұмытылған батырлары туралы баяндай келе, қа­зақстандықтардың Ұлы Отан соғысында қосқан үлесін анық­тайтын институт құру керек деген ойын жеткізді. Украина,
Беларусь, Еуропа елдерінің мұ­рағаттарында тұрақты жұ­мыстар жүргізіп, терең ақпарат жинау керектігін айтты.

Тыл және еңбек ардагері Василий Алексеев «Бәрі де майдан, бәрі де Жеңіс үшін» атты ғы­лыми мақаласында соғыс ке­зін­де балалардың, қарттар мен мү­гедектердің де жан аямай іс­те­ген ерен еңбектерін айта келе, тәуел­сіздіктің қадірін сезініп, оны көздің қарашығындай сақта­уы­мыз керек деген ойымен бөлісті.

Астана қаласының  қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Талғат Амангелдиев «Отанды қорғау – әрбір қазақ­стандықтың қасиетті парызы» тақырыбында толғанып, ардагерлер жолын қуған бүгінгі азаматтардың ерлігі – адал еңбек, ұшқыр білім, сапалы жұмыста екеніне тоқталды.

Ұлы  Отан  соғысы  мүгедектеріне арналған госпитальдің директоры Әділхан Абдуллиннің «Ұлы Жеңіске дәрігерлер үлесі» атты баяндамасында дәйекті мәлі­меттер келтірілді.

Конференцияға қатысқан Ұлы Отан соғысы ардагері Қадан Бекенов өзінің майдандағы жолы   туралы әңгімеледі. Тағы бір майдангер Василий Макаров соғыс жайлы әсерлі өлеңін оқып берді.

Конференция соңында ардагерлерге «Ардагерлер ұйымы» және университет атынан сый-сияпат жасалды.

Гүлнәр ЖҰПАРБЕК,
Л.Гумилев атындағы
ЕҰУ студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button