Тәуелсіздікке 30 жыл

Ұлылар ұлағаты

Тарихи сананы жаңғыртып, ұлттың ұлы қасиетін ардақтаудың бір тәсілі ұлыларды ұлықтап, бабалар рухына тағзым ету десек, өткен 2 жыл Қазақстан үшін ұлыларын ұлықтаған, бабалар рухына тағзым еткен жыл болды.

[smartslider3 slider=1548]

2019 жылы тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Шығыс­тың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы мен ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өту үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырып, арнаулы қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде мерейтойға дайындалу және оны өткізуге жауапты арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссия мүшелері келіп түскен ұсыныстарды мұқият талқылап, қос мерейтойға дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарларды бекітті. Жоспарға сәйкес, Әбу Насыр әл-Фарабиді ұлықтау мақсатында халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланса, Абай Құнанбайұлының мерейтойын мерекелеу жоспары 80 тармақты қамтыды. Бұлардың ішінде халықтың барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар.

Мерейтой аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық ­музей-қорығын музеефикациялау және ақын есімімен байланысты тарихи-мәдени мұра ­объектілеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді. 10 тамыз Абай күні ретінде белгіленіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Абай өмірінен, Абай тағылымынан сыр шертетін бірнеше фильм түсірілді. Еңселі ескерткіштер ашылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 2021 жылы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып, оның мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету қолға алынды. Осы мақсатта арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Тұлға тойын дайындау және өткізу жөніндегі 25 ақпан күні өткен мемлекеттік комиссия­ның бірінші отырысында мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Нәтижесінде комиссия шешімімен Жамбыл жылы аясында бүкіл ел бойынша 500-ден астам әлеуметтік-мәдени, ағартушылық, ғылыми және білім беру жобасы іске асыру туралы жоспар жасалды. Ақын мерейтойына арналған іс-шаралар республикамыздың барлық өңірлерінде және шетелде жыл бойы өткізілді. Ақын өмірінен фильмдер түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу сынды жұмыстар да назардан қағыс қалған жоқ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button