Жаңалықтар

ҰЛЫҚБЕКТІҢ ДӘРІСІ ҰЛАҒАТТЫ

ERA_3879

Тұңғыш Президент күні және Ұлттық академиялық кітапхананың 10 жылдық мерейтойына орай «Қазіргі қазақ поэзиясы және жастар. Ұлықбек Есдәулет дәрісі» атты әдеби кездесу кеш өтті. Басқосуға елордадағы зиялы қауым мен жас оқырмандар қатысып, ақынға көкейлеріндегі сауалдарын қойды.

Жиында алдымен Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Алтын Есенин» медалінің кавалері, қазақтың көрнекті ақыны, журналист Ұлық­бек Есдәулеттің Түркияда, Қыр­ғызстанда, Моңғолияда, Ресейде жарық көрген жаңа жыр кітаптары жəне «Қазығұрт» баспасынан шық­қан үш томдығы таныстырылды. Содан кейін кеш иесі кітапхана ұжымын төл мерекелерімен құттықтап, оның Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келуі қуанышты еселей түскенін айтты.

Басқосу барысында ақын әде­биет­тің кешегісі мен қазақ поэзиясының даму барысы жайында өз ойларымен бөлісті. «Қазақ руханиятының қазынасы ешқашан ортаймақ емес. Бүгінгі буынның арасында да біздің сөзімізді жалғап, ізімізді басар қаламгерлер аз емес. Міне, осылар – ертеңгі әдебиеттің келбеті мен болмысы» деген Ұлықбек Есдәулет жақында ғана кітаптары жарық көрген Ерлан Жүніс, Ербол Бейілхан, Құралай Омар, Бауыржан Қарағызұлы сынды жас ақындарға батасын берді. Сөз арасында өзінің замандастары жайында, Әбділда Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Ғафу Қайырбеков сынды тұлғалар туралы естеліктерден сыр тартты.

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button