Мәдениет

Ұлықпанның «Ақ қанат ақ құсы»

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында осы өнер ұжымының әншісі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Жолдасовтың шығармашылығына 40 жыл толуына арналған «Ақ қанат ақ құсым» атты концерті өтті.

Концертте кеш иесінің «Жайна», «Сен, жаным», «Өмір-көктем», «Романтик», «Жұлдыздар», «Әдемім», «Білемін», «Сүйіктім», «Сенім», «Ұлы дала», басқа да шығармалары әуеледі.

Филармония сахнасында Ұлықпан Жолдасовтың өзі, белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жора­баева, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Арайлым Рахым, Естай Мұқашев, Гүлнұр Оразымбетова, белгілі әншілер Зарина Омарова, Фарида Жолдасова, Мұратбек Хайролда, Диана Май, Алтыншаш Мұқатаева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әкімхан Мәженов, Ақбота Құснадин, Айдын Жұмабай, Қымбат Жамбылбек, Парасат Отан және «JL» тобы, DJ DAKE өнер көрсетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button